«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 95 және 96-баптарының, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 42-тармағының 4) тармақшасына және 43-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 қазаннан бастап 23 қазанға дейін «Алкоголі аз және алкогольсіз сусындар өндіру», «Өсімдік тектес тағамдық майлар өндіру», «Шошқаларды және ауыл шаруашылығы құстарын қарқынды өсіру» ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларына қатысты жария талқылаулар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтың жобасымен Бірыңғай экологиялық порталда «Жарияланған жария талқылаулар» бөлімінде (https://ndbecology.gov.kz/) танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық портал арқылы қабылданады (https://ndbecology.gov.kz/).
Қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Гейдар Әлиев көшесі, 16-ғимарат мекенжайы бойынша немесе +7 7172 573-200 телефоны арқылы алуға болады.
| 15.10.26 | |
|
15.10.26 |
|
|
|
Хаттама |