ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Павлодар облысы бойынша Экологиялық реттеу комитетіне «Dostyk-2023 (Достык-2023)» ЖШС бастамашысынан көзделген қызмет туралы өтініш берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Павлодар облысында орналасқан Аймандай кен орнында құрамында алтыны бар кендерді өндіру.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 2 қазандағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 16.10.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар Министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау Комитеті, kerk@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8 «Министрліктер үйі», 14 кіреберіс (Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар Министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитеті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы «Dostyk-2023 (Достык-2023)» ЖШС – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлодар қ.ә., Луначарский көшесі, №20 үй, 220940017844, 87774212014, kaz8merka@gmail.com
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды