«Павлодаржолдары» ЖШС Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 28 қазанда сағат 11:00-де Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Лекер ауылы, Жаяу Мұса Байжанов көшесі, ауылдық клуб мекенжайы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды. Тыңдаулар барысында Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан Лекер кен орнында магмалық және шөгінді тау жыныстарын өндіруге арналған тау-кен жұмыстары жоспарының «Қоршаған ортаны қорғау шаралары» бөлімі қарастырылады.
Аумағына әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Лекер ауылы.
Жобалық құжаттама топтамасымен hearings.ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның сайтындағы https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/about?lang=ru «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар сайтқа қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады hearings.ndbecology.gov.kz, сондай-ақ "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ, Мекен-жайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы 5Б, эл.мекен-жайы unosvr_15.07.2025@mail.ru, тел. 37-21-78.
Төтенше жағдай жарияланған және/немесе шектеу шаралары (соның ішінде карантин немесе әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі.
Қоғамдық тыңдаулар гибридті форматта – бетпе-бет кездесу мен бейнеконференцияны біріктіру арқылы өткізілуде.
https://us04web.zoom.us/j/74416783003?pwd=Sr5Xains3QUaCX6IDjmepbXK0dJoY6.1 Zoom кездесуіне қосылыңыз.
Жиын идентификаторы: 74416783003. Құпия код: 6sWvzT
Ұсынылып отырған қызмет пен қоғамдық тыңдауларға қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ осы қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін eco@pzh.kz электрондық поштасы немесе 87051982981 телефон нөмірі арқылы алуға болады.
Бастамашының мәліметтері және байланыс деректері: «Павлодаржолдары» ЖШС, БСН: 981240000745, Павлодар қ., Лесопосадочная к-сі, 2, тел.: 87051982981.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «ГидростройПавлодар» ЖШС, БСН: 110640002703, Павлодар қ., 3 Победы к., 46-кабинет, тел.: 8 (701) 7179364.
Қоғамдық тыңдауларға қатысты ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауапты орган: «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5B; тел.: +7 (718 2) 37-21-78; электрондық пошта: unosvr_15.07.2025@mail.ru
Географиялық координаттар:
Солтүстік ендік 50°43'54.33", Шығыс бойлық 76°01'22.91"
|
|
Ескертулер мен ұсыныстар |
|
|
|
|
|
|
|
|
Хаттама материалдары (Ссылка видео) |