Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалынан өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Павлодар облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің «Шарбақты» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 10 қыркүйектегі Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 01.10.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ.ә., Павлодар қаласы, Ломов көшесі, № 180 құрылыс, 130941001458, +77182601506, pofkaz@mail.ru
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды