Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-нің «Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Ертіс өзенінің жағалауларындағы құлаған ағаштарды жинау мақсатында тал және терек тұқымдас ағаштарды 188,41 га алаңда өзге де және аралық мақсаттағы орман кесу жұмыстарын жүргізу, өтімді сүрек қорының көлемі – 7 419 м³, сондай-ақ қалдықтар көлемі – 303 м³, жалпы көлемі – 7 722 м³.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 9 қыркүйектегі Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 30.09.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ.ә., Павлодар қаласы, Ворушин көшесі, № 92 ғимарат, 000340002096, 87182607902, ysenova2010@mail.ru.