ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Павлодар облысы бойынша Экологиялық реттеу комитетіне «Prime Project Engineering» ЖШС бастамашысынан көзделген қызмет туралы өтініш берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Тотыққан құрамында алтыны бар кендерді қайта өңдеу мақсатында инфрақұрылымы бар үйінділік шаймалау учаскесін және гидрометаллургиялық цехты салу.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 3 қыркүйектегі Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 25.09.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар Министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау Комитеті, kerk@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8 «Министрліктер үйі», 14 кіреберіс (Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар Министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитеті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы «Prime Project Engineering» ЖШС – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, №86 үй, БСН 011040002090, 8 700 700 70 84, ppengineering.info@gmail.com.
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды