Павлодар облысы бойынша Экология Департаментіне - «Кеніш ЕК» ЖШС жоспарланып отырған қызмет туралы өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Павлодар облысы Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы «Шідерті» кен орнында кірпіш өндірісіне арналған сазды өндіру»
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 4 тамыздағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі жоғарыда берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні - 25.08.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша Экология Департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша Экология Департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы - «Кеніш ЕК» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қалалық әкімдігі, Екібастұз қаласы, Сәбит Дөнентаев көшесі, 48-үй, БСН 260540005992, тел.: 8 777 317 75 02, e-mail: Kenish.ek@mail.ru.