«Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кешенді экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген жобалық құжаттама: технологиялық нормалау көрсеткіштерінің негіздемесін қоса алғанда, технологиялық нормативтер жобасы; қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобасы, оның ішінде атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы, арнайы су пайдалануға арналған лимиттерді қоса алғанда, «Сарымсақ» жинақтағышына ластаушы заттардың жол берілетін төгінділері нормативтерінің жобасы; табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерінің жобасы; қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерін қоса алғанда, қалдықтарды басқару бағдарламасы; өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
Тыңдаулардың нысанасы. «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС («ПМХЗ» ЖШС) ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес кешенді экологиялық рұқсат алу үшін «ПМХЗ» ЖШС объектілерін салу/реконструкциялау және пайдалану жөніндегі мына құжаттама бойынша ашық жиналыстар түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды: технологиялық нормалау көрсеткіштерінің негіздемесін қамтитын технологиялық нормативтер жобасы; атмосфералық ауаға жол берілетін шығарындылар және «Сарымсақ» жинақтағышына жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобалары (арнайы су пайдалануға арналған лимиттермен); табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсерлер нормативтерінің жобасы; қалдықтарды басқару бағдарламасы (жинақтау/көму лимиттерімен); өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.
Аумақ және координаттар. Әсер етуі ықтимал және тыңдаулар өткізілетін аумақ: Павлодар облысы, Павлодар қаласы және Павлодарское ауылы. «ПМХЗ» ЖШС учаскесінің координаттары: 52°22'56"N 76°54'47"E; 52°22'26"N 76°55'40"E; 52°21'17"N 76°54'27"E; 52°22'39"N 76°53'11"E. Әсер ету аумағы: 52°23'29"N 76°54'00"E; 52°22'34"N 76°56'28"E; 52°20'49"N 76°54'28"E; 52°22'43"N 76°52'46"E.
Өткізу орны мен уақыты. 1) 03.09.2026 ж., 11:00 — Павлодар қ., Павлодарское ауылы, Мұқан қаған көш., 5, «Роза Бағланова атындағы мәдениет үйі» МКҚК; 2) 03.09.2026 ж., 15:00 — Павлодар қ., Торайғыров көш., 70, «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК, конференц-зал. Қатысушылардың шешімімен ашық жиналыс бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Microsoft Teams арқылы онлайн қатысу: Павлодарское ауылы — https://teams.microsoft.com/meet/44859909040597?p=DVp4yHholqJPsxUJsb, жиналыс ID 448 599 090 405 97, код tY9jr6Sy; Павлодар қ. — https://teams.microsoft.com/meet/43624131969040?p=AqCTgc8EzaYdvPB8vd, жиналыс ID 436 241 319 690 40, код TS7oc39M. Төтенше жағдай және/немесе шектеу шаралары енгізілсе, тыңдаулар тек онлайн өткізіледі.
Бастамашы. «ПМХЗ» ЖШС, БСН 001140000362; 140000, Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, Химкомбинатовская көш., 1; тел.: 8 (7182) 39-65-51, 39-63-97; e-mail: kanc@pnhz.kz.
Құжаттармен танысу. Құжаттама және кейіннен тыңдаулар хаттамасы https://ndbecology.gov.kz және https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/ сайттарында («Қоғамдық тыңдаулар» бөлімі) орналастырылады.
Қосымша ақпарат және құжаттардың көшірмелері. Доскенов Н.С.: 8 (7182) 39-68-76, +7 707 497 86 47; n.doskenov@pnhz.kz.
Ескертулер мен ұсыныстар. Тыңдаулар басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей https://ndbecology.gov.kz сайтында немесе мына мекенжайларға жіберіледі: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті — 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көш., 8, 14-кіреберіс, kerk@ecogeo.gov.kz; «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ — 140000, Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 5Б, 305-каб., unosvr_15.07.2025@mail.ru, тел. 8 (7182) 32-21-78. Ескертулер мен ұсыныстар тыңдаулар барысында ауызша да беріледі.