Павлодар облысы бойынша Экология департаментіне «Карьер Шидертинское-2» ЖШС бастамашысынан көзделген қызмет туралы өтініш берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Павлодар облысы Екібастұз қаласының ауылдық аймағында орналасқан «Шідерті-2» құм-қиыршықтас қоспасы кен орнының Шығыс учаскесінде құм-қиыршықтас қоспасын өндіру
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 10 шілдедегі, Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 31.07.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы «Карьер Шидертинское-2» – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы әкімшілігінің аумағы, Екібастұз қаласы, Д.А. Қонаев даңғылы, №201А ғимарат, 120840013183, 87773177502, zan.kz@bk.ru