«Каустик» АҚ ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «Кальций хлоридін өндіру жөніндегі қондырғы» жоспарланған қызметі бойынша қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Географиялық координаттары: 52.387241, 76.932882
Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі: Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Павлодар ауылы.
Әсер ету аймағының географиялық координаттары: 52.389949, 76.860062
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 11:00-де Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Павлодар ауылы, Мұқан Қаған көшесі 5, "Роза Бағланова атындағы Мәдениет үйі" МКҚК мекенжайы бойынша өткізіледі.
Қоғамдық тыңдаулар аралас форматта (ашық жиналыс және бейнеконференция) өткізіледі. Белсенді сілтеме (ZOOM сілтеме):
https://us06web.zoom.us/launch/jc/82106724949
Идентификатор: 821 0672 4949
Құпия сөз: 2mDL7A
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Каустик» АҚ, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Северная промышленная зона көшесі, 28/1, байланыс: 8(7182)73-12-01, электрондық пошта: info@caustic.kz.
Экологиялық құжаттаманы құрастырушы: «Экологический центр-PV» ЖШС, БСН 051040005329, Павлодар қ., Торайғыров көш., корпус 48/1, кеңсе 209, тел.: 8(7182)20-00-14, электрондық пошта: ecologcentr@mail.ru.
Жобалық құжаттама топтамасымен ақпараттық жүйеде https://ndbecology.gov.kz және жергілікті атқарушы органның сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/?lang=ru танысуға болады.
Жоспарланған іс-шаралар, қоғамдық тыңдаулар туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ құжаттардың көшірмелерін сұрау бойынша ecologcentr@mail.ru электрондық поштасы немесе 8 (7182) 20-00-14 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар ақпараттық жүйеде (Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі) қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ Павлодар қ., Жеңіс алаңы 5Б, 307 кабинет, email: unosvr_15.07.2025@mail.ru, тел.8 (7182) 37-21-78 мекенжайы бойынша «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-де қабылданады.
|
|
Ескертулер мен ұсыныстар |
|
|
|
|
|
|
|
|