Павлодар облысы бойынша Экология Департаментіне - «Павлодаржолдары» ЖШС жоспарланып отырған қызмет туралы өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «2026–2035 жылдар кезеңінде Павлодар облысы Баянауыл ауданында орналасқан Лекер кен орнында магмалық және шөгінді тау жыныстарын (құрылыс тасы мен саздақты) өндіру» өткізуді жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 24 маусымдағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні - 16.07.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы - "ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ" ЖШС, Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе а.о., Көктөбе а., Абылайхан көшесі, № 36/1 құрылыс, телефон 87182644690, cld@pzh.kz
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды