Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология Департаментіне – «Кронос-Павлодар» ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Алғабас ауылдық округі, Ребровка ауылындағы «Кронос-Павлодар» ЖШС сүт-тауар фермасы объектісі үшін блокты-модульдік қазандық салу» жұмыс жобасы.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 24 маусымдағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 02.07.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология Департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ.ә., Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, № 3/1 ғимарат, 140540000680, Саурбаева Татьяна Григорьевна, 87182777232, evbghh@mail.ru