Павлодар облысы бойынша Экология Департаментіне - «Каустик» АҚ жоспарланып отырған қызмет туралы өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Каустик» АҚ-ның қолданыстағы корпустарында кальций хлоридін өндіру қондырғысын орналастыру» жобасын өткізуді жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 8 мамырдағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні - 19.05.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология Департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – «Каустик» акционерлік қоғамы, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ.ә., Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, №28/1 ғимарат, БСН 020840001585, Токмагамбетов Ермек Амангельдыевич, +7(7182)73-12-01, info@caustic.kz.