Павлодар облысы бойынша Экология Департаментіне - «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жоспарланып отырған қызмет туралы өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Тереңкөл – Михайловка – Ресей Федерациясы шекарасы облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының 92-102 км (10 км) учаскесін күрделі жөндеу» өткізуді жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 29 сәуірдегі Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні - 26.05.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ.ә., Павлодар қ., Жеңіс алаңы, №5б үй, БСН 170840008631, Қашкиров Қанат Шаймарданұлы, 8(7182) 32-30-32, gerrardd@mail.ru