«Аксуский электро-металлургический завод» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Жобалық құжаттаманың атауы: «Павлодар облысында қуаты жылына 150 000 тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу» жұмыс жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп. Әсер ету аумағы: Павлодар облысы, Ақсу қ., Евгеньев ауылдық округі. Жұмыс учаскесінің ауданы 2,16 га құрайды. Координаттар: 1) 52 ̊03`18,349"се, 76 ̊48`40,010"шб; 2) 52 ̊03`18,490"се, 76 ̊48`49,482"шб; 3) 52 ̊03`14,620"се, 76 ̊48`49,648"шб; 4) 52 ̊03`14,472"се, 76 ̊48`40,194"шб.
Қоғамдық тыңдаулар 12.06.2026 жылы сағат 10:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қ., Евгеньев ауылдық округі, Үштерек ауылы, Абылайхан көшесі, 22, жеке МҮ ғимараты. Аумақтық тұрғыдан Үштерек ауылы Евгеньев ауылдық округі әкімдігіне қарайды. Евгеньевка ауылының тұрғындары үшін 12.06.2026 ж. қоғамдық тыңдауларға қатысу мақсатында көлік ұйымдастырылады. Жиналу орны – ауылдық әкімдік, жиналу уақыты сағат 8:45-тен 9:00-ге дейін, Евгеньевка ауылынан шығу сағат 9:00-де.
12.06.2026 ж. қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін Ақсу қаласының тұрғындарына көлік ұсынылады. Жиналу орны – Балалар шығармашылық үйі, мекенжайы: Ақсу қаласы, Қалалық мәдениет және демалыс паркі, Астана көшесі, 37. Жиналу уақыты сағат 8:45-тен 9:00-ге дейін, Ақсу қаласынан шығу сағат 9:00-де.
Қоғамдық тыңдаулар аралас форматта (ашық жиналыс және ZOOM платформасында бейнеконференция арқылы) өткізіледі. Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін https://us06web.zoom.us/j/83596550013?pwd=huRmpixRsXquaSNIvYCxP0xIUHREAV.1 сілтеме бойынша өту қажет. Конференция идентификаторы: 835 9655 0013, қол жеткізу коды: 978520. Тіркеу талқылау басталғанға дейін 15 минут бұрын басталады. Қосылу мәселелері бойынша жоспарланып отырған қызметтің бастамашысының байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.
Жобалық құжаттама пакетімен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» https://ndbecology.gov.kz/ порталында, «Қоғамдық тыңдаулар күнтізбесі» бөлімінде, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/about?lang=ru «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ сайтында танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» порталында, сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-нде тел.: 8 (7182) 37-21-78, электрондық мекенжай: buhina.raushan@pavlodar.gov.kz, unosvr_15.07.2025@mail.ru арқылы қабылданады.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес, қатысушылардың шешімі бойынша қоғамдық тыңдауды ашық жиналыс форматында өткізу мерзімі бес қатарынан келетін жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы: «Аксуский электро-металлургический завод» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 140000, Қазақстан, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Әлихан Бөкейханұлы көшесі, 328 құрылыс, БСН: 081040001659, е-mail: aemz@aemzgroup.kz, тел: 87182344517.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Legal Ecology Concept» ЖШС, Өскемен қ., 070002, М. Горький к., 21, БСН: 211040029201, тел.: +7 (777) 414-90-10, e-mail: toolec21@gmail.com.
Қосымша ақпаратты toolec21@gmail.com электрондық пошта мекенжайы және тел: +7 (777) 414-90-10 арқылы алуға болады.
|
|
Ескертулер мен ұсыныстар |
|
|
|
|
|
|
|
|