Павлодар облысы бойынша Экология Департаментіне - "Павлодар тұз компаниясы" ЖШС жоспарланып отырған қызмет туралы өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Ақсу қаласының ауылдық аймағында және Павлодар облысының Екібастұз қаласының ауылдық аймағында орналасқан "Жамантұз-2" көлінің кен орнында шөгінді тау жыныстарына жататын ас тұзын өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспары» өткізуді жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 27 наурыздағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні - 16.04.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы - "Павлодар тұз компаниясы" ЖШС, Павлодар қ., Гагарин көшесі, № 34, 10 үй, телефон 87075919301, pavsaltcompany@mail.ru
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі