Павлодар облысы бойынша Экология Департаментіне - «Бастау Шыгыс» ЖШС жоспарланып отырған қызмет туралы өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Павлодар облысы Екібастұз қаласының ауылдық аймағында орналасқан «Қарасор-1» кен орнында қалыптау құмын өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары» өткізуді жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2026 жылғы 12 ақпандағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні - 05.03.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы - «Бастау Шыгыс» ЖШС, 0706000, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау а.о., Қалбатау а., Боранбай би көшесі, №111 үй, 210640026928, +77782272402, erzh2027@mail.ru