Павлодар облысы бойынша экология Департаментіне "ВекторSolano" ЖШС бастамашысынан жоспарланған қызмет туралы өтініш берілді
Белгіленіп отырған қызмет – модульді RD240 типті асфальтбетонды/асфальтараластырғыш мобильді қондырғы пайдалану жұмыстары.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2025 жылғы 26 желтоқсандағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 21.01.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Өскемен облысы, Өскемен қ.ә., Өскемен қ., Доватор көшесі, № 7/1 үй, 87772358802, ksp_2003@mail.ru
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі