Павлодар облысы бойынша экология Департаментіне "KAZ Minerals Bozshakol" ЖШС бастамашысынан жоспарланған қызмет туралы өтініш берілді
Белгіленіп отырған қызмет – «Құрылыс» кен орнында (5,6,7 учаскелері) магмалық жыныстарды (андезибазальттар, андезидациттер, кварц диориттері) өндіру бойынша 03.02.2025 ж. №10 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған рұқсаттың негізінде жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарын орындау мақсатында гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу бойынша жұмыстар.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2025 жылғы 25 желтоқсандағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 20.01.2026 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Павлодар облысы, Екібастұз қ.ә., Төрт-Құдық а.о., Төрт-Құдық а., № 13 ғимарат, 87010985676, daulet.alimbayev@kazminerals.com
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі