Хабарландыру
«Inter Rubber Recycling» ЖШС Павлодар қаласының Орталық өнеркәсіптік ауданында көлік шиналарын кәдеге жарату цехына әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін материалдар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тыңдаулар 2025 жылғы 3 қарашада сағат 11:00-де өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:45-те басталады. Ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдауларды өткізу орны: Павлодар қаласы, Луначарский көшесі, 44/2, 2 қабат, «The office» - үй-жайы.
Сондай-ақ, Zoom платформасы арқылы бейнеконференция (БКС) форматында қоғамдық тыңдауларға қосылу мүмкіндігі бар. Карантиндік режим енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар тек онлайн-форматта өтетін болады.
Zoom конференцияға қосылу: https://us06web.zoom.us/j/84424304188?pwd=YlPMQbqcuuYJblUgkY8RMtj9Cxgc7J.1
Конференция идентификаторы: 844 2430 4188; Қосылу коды: 123
Жоспарланған қызметінің бастамашысы: «Inter Rubber Recycling» ЖШС, Заңды мекенжайы: Павлодар обл., Павлодар қ., Қ. Нұркин көшесі, 102. Директоры: Рабков С.Ю. Тел.: 8 (7182) 34-72-72, БСН 140640000346.
«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің әзірлеушісі: «ТЕХЭКО» ЖШС, Нақты мекенжайы: 140002, Павлодар қ., Торайғыров көшесі, 85/2 (4 қабат) («Status A» ғимараты) БСН 041040005248, тел.: 8 (7182) 62-00-95, электрондық пошта: teheco-pavlodar@mail.ru.
Жобалық құжаттама пакетімен қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкінің https://ndbecology.gov.kz / порталында, "Қоғамдық тыңдаулар күнтізбесі" бөлімінде, сондай-ақ ЖАО https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat / сайтында "Қоғамдық тыңдаулар"бөлімінде танысуға болады.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5Б, тел. +7 (718 2) 32-16-81, электрондық мекенжайы: unosvr@mail.ru.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: teheco-pavlodar@mail.ru , +7 (718-2) 62-00-95 арқылы сұратуға болады.
Учаскенің географиялық координаттары: 52.305794, 76.978201.
Әсер ету аймағының географиялық координаттары: 52.299519, 76.977064.
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)
Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (жүктеу)