Меню

Страницы

Статья

«Актогай-АГРО" ЖШС "4000 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасы» нысаны бойынша ықтимал әсерлер туралы есеп

Хабарландыру

 

«Актогай-АГРО» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақтоғай ауданы, Павлодар облысында орналасқан «Актогай-АГРО" ЖШС 4000 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасы» нысаны бойынша ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.

Тыңдаулар 2025 жылғы 10 қазанда сағат 11:00-де өтеді. Ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдауларды өткізу орны: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75, «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимараты, 1 қабат (акт залы). Қатысушыларды тіркеу 10:30-да басталады.

Жоламан ауылының тұрғындары үшін қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін көлік беріледі. Тұрғындарды жинау «Ақтоғай-АГРО» фирмасы ЖШС белгісімен ұйымнан автобустармен, Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында сағат 10:00-ден 10:20-ға дейін, Жастар көшесі, 6-дағы жеке үйдің жанында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Zoom платформасы арқылы бейнеконференция (БКС) форматында қоғамдық тыңдауларға қосылу мүмкіндігі бар. Карантиндік режим енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар тек онлайн-форматта өтетін болады. Zoom  конференцияға қосылу:

https://us06web.zoom.us/j/9660098071?pwd=xdyyhlobQaoG4EFufrEhSXpi0gknzE.1&omn=82375549083

Конференция идентификаторы:  966 009 8071

Қосылу коды: 1234

Бастамашысы: «Актогай-АГРО» фирмасы ЖШС. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Муткенов көшесі, 3. БСН: 010840002165. ЖСН: KZ05821G3J4810000001 Павлодар қаласы «Bank RBK» АҚ, БСК KINCKZKA, е-mail: aktogaiagro@mail.ru. Директор: Терентьев Александр Алексеевич. Тел. +7 (718-41) 21861.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «ТЕХЭКО» ЖШС, Нақты мекенжайы: 140002, Павлодар қ., Торайғыров көшесі, 85/2 (4 қабат) («Status A» ғимараты) БСН 041040005248, тел.: 8 (7182) 62-00-95, электрондық пошта: teheco-pavlodar@mail.ru. Директор: Мерзонов Дмитрий Юрьевич, Байланыс телефоны: +77017169950.

Жобалық құжаттама пакетімен қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкінің https://ndbecology.gov.kz / порталында, "Қоғамдық тыңдаулар күнтізбесі" бөлімінде, сондай-ақ ЖАО https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat / сайтында "Қоғамдық тыңдаулар"бөлімінде танысуға болады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5Б, тел. +7 (718 2) 32-16-81, электрондық мекенжайы: unosvr_15.07.2025@mail.ru.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: teheco-pavlodar@mail.ru , +7 (718-2) 62-00-95 арқылы сұратуға болады.

Учаскенің географиялық координаттары: 52.964050 СЕ, 76.061299 ШБ; 52.959921 СЕ, 76.071123 ШБ.

Әсер ету аймағының географиялық координаттары: 52.966463 СЕ, 76.093467 ШБ.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)

Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (жүктеу)

Видео

Дата публикации
08 сентября 2025
Дата обновления
16 октября 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«Fonet Er-Tai AK MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Фонет Ер-Тай Эй Кей Майнинг») - «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС байыту фабрикасының қолданыстағы қалдық қоймасын кеңейту» жұмыс жобасына әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтінімге арналған материалдар (жол берілетін шығарындылар нормативтері (ЖШШН), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары (ТҚІЖ)).
Хабарлама
23 октября 2026
«Fonet Er-Tai AK MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Фонет Ер-Тай Эй Кей Майнинг») - Павлодар облысындағы M-43-29-(10b-5b-17,18,19) блоктарында қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспарына әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтінімге арналған материалдар ( «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі (ҚОҚБ), жол берілетін шығарындылар нормативтері (ЖШШН), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары (ТҚІЖ)).
Хабарлама
23 октября 2026
«УПНК-ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алу үшін жобалық құжаттама пакеті: «Ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы», «Ластаушы заттардың жол берілетін төгінділері нормативтерінің жобасы», «Қалдықтарды басқару бағдарламасы», «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы», «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары».

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы