Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі ҚР ҰЯО РМК) «ҚР ҰЯО РМК, Павлодар облысы. «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенін кеңейту. ЖБУ отынын араластыру және иммобилизациялау учаскесі» жұмыс жобасының материалдары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру шеңберінде қоғамдық тындаулар өтетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулардың материалдарымен Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінің сайтында https://ndbecology.gov.kz/, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайтында танысуға болады.
Аралас нысандағы (ашық жиналыс және бейнеконференцбайланыс) қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 7 тамызда сағат 15:00-де Павлодар облысы, Май ауданы, Үлкен Ақжар ауылы, Абай көшесі, 2 (Мәдениет үйі) мекенжайында өтеді. Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінің сайтында, сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 5Б, 307 каб., тел. 8(7182)32-16-81, эл.мекенжайы unosvr@mail.ru бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Белсенді сілтеме (ZOOM сілтеме):
https://zoom.us/j/96860515836?pwd=2pd6nwPkGhIW5Mrs2YCxhVbpbThr9r.1
Конференция сәйкестендіргіші: 968 6051 5836. Рұқсат коды: 819349.
Қосымша ақпаратты келесі электрондық мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:
- көзделіп отырған қызметтің бастамашысы: ҚР ҰЯО РМК, БСН 990240001722, мекенжайы: 180010, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом к., 2Б, тел: 8(722-51)3-33-33, эл.пошта: nnc@nnc.kz.
Әсер ету аумағы: ҚР, Павлодар облысы, Май ауданы, «Байкал-1» ЗРК. Географиялық координаттары: солтүстік ендігі 50°10’00’’; шығыстық бойлығы 78°23’24’’.
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» ММ берген 30.12.2024 ж. № 24036623 ядролық материалдармен жұмыс істеуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)
Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (жүктеу)