Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаменті "ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты " РММ өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Мемлекеттік орман қоры аумағында, мемлекеттік орман табиғи резерваты шегінде кәдімгі қарағай орманын өзге де кесуді жүргізу»
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2025 жылғы 25 маусымдағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 16.07.2025 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, № 60 ғимарат, телефон 8(71838) 9-11-52, stroi_maisk1@mail.ru