Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының (бұдан әрі-жоба) жобасын дайындады.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба 2024 жылғы 22 тамыздағы дейін «Ашық НҚА» порталында
Орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15179886), сонымен қатар, Павлодар облысының облыстық Қоғамдық кеңесінің ұсынысы алынды.