Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаменті "ПавлодарТерминал" ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Өнімділігі тәулігіне 500 м3 дейінгі сорғы станциясын, 8 м3 2 дренаждық сыйымдылықты, автоналив алаңын, судың өртке қарсы қорының 2 резервуарын, көбіктену қоймасын салу және өндірістік құрылыстарды жөндеу (8 вагон-цистернаға арналған теміржол эстакадасы, 5 резервуар V=1000 м3, 5 резервуар V=100 м3) мына мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, өнеркәсіптік аймақ Солтүстік, Құрылыс 335».
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 14 тамыздағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 04.09.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Павлодар қ., Северная өнеркәсіптік аймағы, № 335 құрылыс, телефон +7 775 154 1074, pavlodarterminal2022@gmail.com
Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды