Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаменті «Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Май және Баянауыл аудандары арасындағы көлік байланысы үшін Лекер-Жаңа Ақшиман (Май ауданының шекарасына дейін) автомобиль жолын қайта жаңарту.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 18 шілдедегі Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 07.08.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл а. о., Баянауыл а., Қаныш Сәтпаев көшесі, № 49 ғимарат, 8(71840)92868, stroitelstva92234@mail.ru.