Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне "АллProF" ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Түсті және қара металдардың сынықтарын қабылдау, сұрыптау және уақытша сақтау, металдарды кесу және жүк вагондарының арба тораптарының тозуға төзімді элементтерін дайындау жөніндегі өндірістік база».
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 5 шілдедегі бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 26.07.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, № 45 ғимарат, телефон 87187755157, allprof@bk.ru