Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне " "Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" ММ өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Ақбалық Хазырет кесенесіне кіреберіс автожолын күрделі жөндеу 0-7 (7 км)» - Ақбалық Хазырет кесенесіне жайлы және қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету».
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 16 мамырдағы бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 05.06.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе а. о., Көктөбе а., Қазбек Би көшесі, №23 ғимарат, телефон 8(71838) 9-11-52, stroi_maisk1@mail.ru