Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаменті "Copper Exploration Group (Copper Exploreishn Group)" ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «04.03.2024 жылғы №2548 – EL лицензиясы бойынша Чад учаскесінде қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалау мақсатында тау-кен массасын алу және топырақтың орнын ауыстыру арқылы қатты пайдалы қазбаларды барлау»
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 3 сәуірдегі бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 23.04.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, № 5 ғимарат, 22а тұрғын емес үй-жай, тел.8(727)311-06-18, n.talkenova@yertai.kz