Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне "SUNRISE MINING" ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Шідерті-Екібастұз 4 учаскесінде хром кендері мен ілеспе компоненттерді барлау».
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2024 жылғы 4 наурыздағы бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Жоспарланған қызмет туралы өтініш» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=kk сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 28.03.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дон ауылы, Оңғар ауылы, Бұлақ көшесі, № 16 үй, ТОКАЕВА ДИНАРА АНУАРБЕКҚЫЗЫ, +77778200666, info.sunrisemining@gmail.com