Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне – «EQOLOR» ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Павлодар қаласы, Орталық өнеркәсіптік аймақ, 396-құрылыс мекенжайы бойынша өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу (жинау, қабылдау, тасымалдау, жинақтау, өңдеу, кәдеге жарату және залалсыздандыру)».
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 27 желтоқсаннан Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 18.01.2024 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pavlodar-ekodep@ecogeo.gov.kz электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Елгин көшесі, № 47, 87475444954, royal_adeka@mail.ru.