Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне – «Астра Тех» ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Орталық өнеркәсіп ауданы, Циолковский көшесі 40/15 және 40/1 мекенжайы бойынша қолданыстағы өндірістік базада өнімділігі жылына 7300 тонна, тәулігіне 20 тоннаға дейін сөндірілмеген әк өндіру зауыты; өнімділігі жылына 33000 тонна, тәулігіне 100 тоннаға дейін сөндірілмеген әк өндіру зауыты; өнімділігі жылына 12 млн. дана силикатты кірпіш өндіретін зауыт, өнімділігі жылына 25000 м3 бетон ерітіндісін өндіретін стационарлық бетон-араластырғыш қондырғы (БАҚ).
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 4 қыркүйектегі Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 04.10.2023 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pvlecspert@mail.ru электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – тел. 87759041208, электрондық пошта buh_astratex@azag.kz; almaz@azag.kz, Павлодар облысы бойынша экология департаменті – тел. 8(7182)532354.
ескертулер мен ұсыныстарды жинау хаттамасы