Белгіленіп отырған қызметке Павлодар облысы бойынша экология департаментіне «КронАгро» шаруа қожалығы» ЖШС өтінім берілді.
Белгіленіп отырған қызмет – «Тұрақты суару үшін су құбырының таратушы желілерін салу» қызметті жоспарлап отыр (суару учаскесі Павлодар облысы Ақсу қаласы Еңбек ауылдық округінің аумағында орналасқан).
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 31 тамыздағы Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында (жүктеу сілтемесі төменде берілген) танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күні – 30.09.2023 ж.
Жұртшылық жоспарланған белгіленіп отырған қызмет туралы мәлімдемеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын беруге құқылы. Ескертулер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pvlecspert@mail.ru электронды мекен-жайына немесе Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) қабылдайды.
Байланыс деректері: бастамашы – Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қамзин көшесі, № 2 ғимарат, электрондық пошта aisu-too@mail.ru, Павлодар облысы бойынша экология департаменті – тел. 8(7182)532354.