ҚР Экологиялық кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес, "Майқайыңалтын" АҚ, БСН 980340002574, 2023 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:00-де Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, Ә. Әбдіхалықов көшесі, 13Д құрылыс, "Майкаинзолото" АҚ АБК акт залы келесі құжаттаманы қарау бойынша ашық жиналыс форматында қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды: Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы; Қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы; Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы; Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары; Павлодар облысында жерасты тәсілімен "Майқайың-В" кен орнының құрамында алтын бар кендерді өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарына қоршаған ортаны қорғау бөлімі.
Жобалық құжаттама пакетімен БЭК https://ecoportal.kz/ және ЖАО сайтында "Қоғамдық тыңдаулар" бөлімінде танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар БЭК-те қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады https://ecoportal.kz / және "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ сайтында, мекен-жайы: ҚР, 140000, Павлодар қ., Жеңіс алаңы 17, 307 кабинет, телефон 8 (7182) 329379.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, аталған қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс (БКС) арқылы онлайн режимінде өткізілетін болады. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО сайтында ұсынылады.
Жобаның тапсырыс берушісі - «Майкайнзолото» АҚ, БСН 980340002574, телефон/факс: 8 (71840) 2-15-50, mayzoloto@mail.ru
Жобаны әзірлеуші: «Eco-Logic» СК, ЖСН 861019301042, 100008, Қарағанды қ., Жамбыл көшесі 1, 21; Тел. +7 (701) 7872698, Е-mail: dr.hadron@mail.ru.
Жобалар материалдары және қоғамдық тыңдаулар бойынша қосымша ақпаратты эл. поштадан алуға болады: eco_mayzoloto@mail.ru және тел.: 8 (71840) 21568.
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)
Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (жүктеу)
Жобаларға түзету және қосымша ақпарат енгізу қажеттілігіне байланысты мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінішті кері қайтарып алу себебінен «Майкаинзолото» АҚ-ның келіп түскен өтінішіне байланысты 2023 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15:00-де (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, Ә. Әбдіхалықов көшесі, 13Д құрылыс, "Майкаинзолото" АҚ АБК акт залы мекен-жайы бойынша) «Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары, Павлодар облысында жерасты тәсілімен "Майқайың-В" кен орнының құрамында алтын бар кендерді өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарына қоршаған ортаны қорғау бөлімі» жобалық материалдары бойынша бұрын жоспарланған қоғамдық тыңдаулардың болмайтыны туралы хабарлаймыз.