«Завод строительных материалов» ЖШС Павлодар облысы Екібастұз қ. жерлерінде орналасқан «Экибастузское-I» кен орнының, «Западное» учаскесі, магмалық тау жыныстарына жататын порфириттерді өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспарына «Ықтимал әсерлер туралы есеп» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Павлодар облысы, Екібастұз қ.
Тыңдаулар 15.08.2023 ж. сағ. 11:00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Екібастұз қ., Д.А. Қонаев атындағы даңғыл 201В құрылыс, 6 қабат, конференц зал.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.
Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейтілген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру 846 405 9946. Пароль 777.
Бастамашысы - «Завод строительных материалов» ЖШС, БСН: 000540006383, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Екібастұз Атығай жолы 7 километр, 24 құрылыс, i.yefimtsev@railsystems.kz, тел: +77021791211.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, тел.: +77023391693.
Ескертулер мен ұсыныстар ecoportal.kz сайтында қабылданады.
Порталға сілтеме: https://ecoportal.kz/ және https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/?lang=ru.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: +77023391693 арқылы сұратуға болады.
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, Павлодар қ., Жеңіс алаңы 5Б, тел.: +7 (718 2) 32-66-18, электрондық мекен-жайы: unosvr@mail.ru.
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)
Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы 17.08.2023 (жүктеу)