ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «Керегетас» кеніші «Алюминий Казахстана» АҚ филиалы 2023 жылғы 28 наурызда сағат 15:00-де Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, Үшқұлын ауылының 19-ғимаратында (ауылдық клуб) «Керегетас» кенішінің шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларын тазарту құрылысын салу» жоспарланған қызметі бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен https://ecoportal.kz/ бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде электрондық мекенжайға қабылданады Anastassiya.Kashtapiyeva@erg.kz, сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, мекенжайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы 5Б, 307 каб., эл. мекенжайы temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел.8 (7182) 32-16-81.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі.
Белсенді сілтеме (ZOOM сілтемесі): https://erg.zoom.us/j/85040875183?pwd=VCtIU1VjMm5pMnhSQi8xTzRmNWh3QT09
Конференция идентификаторы: 850 4087 5183. Кіру коды: 237505.
Қосымша ақпаратты келесі электрондық мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Алюминий Казахстана» АҚ филиалы «Керегетас» кеніші, БСН:940140000325, ҚР, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, Үшқұлын ауылы, тел.:8(776)8158153, e-mail: Anastassiya.Kashtapiyeva@erg.kz;
Әзірлеуші: «Экологиялық орталық-PV» ЖШС; БСН:051040005329, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Торайғыров к-сі, 48/1 құр., 209 кеңсе, атқарушы директор - Короткова Ю. В. тел.: 8 (777)4982735, email: ecologcentr@mail.ru.
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)
Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы 31.03.2023 (жүктеу)