«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамы ««ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО-ның №2 түтін құбырын салу. Түзету» жобасына байланысты жоспарланған қызметтің жобалық құжаттамасының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тыңдау 2023 жылғы 27 наурыз күні сағ. 11:00-де өтеді. Қатысушыларды тіркеу - сағ. 10:30-да. Ашық жиналыс нысанында өтетін қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін жері: Павлодар қ., Торайғыров көш., 76, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ оқу орталығының ғимараты. Сонымен қатар қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін Жаңаауыл тұрғындарына көлік ұсынылатын болады. Тұрғындарды жинау 27 наурыз сағ. 10.20-дан 10.25-ке дейін «Өзен порты» аялдамасында (№14,44 бағыттарға арналған аялдама) жүргізіледі, ұйымнан аталған автобустардың бірі жіберіледі: мем. нөмірі № 601 ВС 14; № 559 ВС 14 немесе № 608 ВС 14 .
Сонымен бірге, қоғамдық тыңдауларға Zoom платформасы арқылы бейнеконференция (БКС) форматында қосылу мүмкіндігі бар. Карантиндік режим енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар тек онлайн-форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us05web.zoom.us/j/87829005695?pwd=NWtDQkRFTU5RSmlrN0QxTXBsRkxtZz09
Конференция идентификаторы: 878 2900 5695
Қол жеткізу коды: ENERGO2023
Жоспарланған шараның бастамашысы: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Заңды мекенжайы: Павлодар қ., Кривенко көш., 27. Бас директоры: Лесин Вадим Викторович. Тел.: +7 (7182) 39-95-06, Факс: +7 (7182) 32-97-88, БСН 020640000163.
«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің әзірлеушісі: «ТЕХЭКО» ЖШС, Нақты мекенжайы: 140002 Павлодар қ., Торайғыров көш., 85/2 (4-қабат) («Status A» ғимараты) БСН 041040005248, тел.: 8 (7182) 62-00-95, электрондық поштасы: teheco-pavlodar@mail.ru.
Жергілікті атқарушы орган – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы». Жобалық құжаттама https://ecoportal.kz/ Бірыңғай экологиялық порталында және жергілікті мемлекеттік органның https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/?lang=kz сайтында «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде жарияланады.
Танысу үшін материалдарды келесі мекенжай бойынша сұратуға болады: «ТЕХЭКО» ЖШС, Павлодар қ., Торайғыров көш., 85/2, тел.: 8 (7182) 62-00-95, электрондық поштасы: teheco-pavlodar@mail.ru.
Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)
Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)
Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы 29.03.2023 (жүктеу)