«Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасына қосымша

Пресс релиз

 

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасын (бұдан әрі – Жоба) дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының                              2) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес әзірленді

Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес Павлодар облысының аумағында ортақ су пайдалану қағидаларын айқындау болып табылады.

Жоба 2025 жылғы 13 қарашада Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

Жоба 2025 жылғы 13 қарашада «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

 

Толеутаев С.С.

Пресс-релиз
Дата публикации
13 ноября 2025