Екібастұз қаласының ауылдық аймағында орналасқан "Құлақөл" кен орнында құрылыс құмын өндіруге "Тума-ЛКС" ЖШС лицензиясын беру туралы хабарлама

"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ (бұдан әрі Басқарма) Сізге Павлодар облысының Екібастұз қаласының ауылдық аймағында орналасқан "Құлақөл" кен орнында құрылыс құмын өндіруге 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 45/2025  берілген лицензияға сәйкес төмендегілер туралы хабарлайды 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі Салық кодексі) 727-бабын Басшылыққа ала отырып, Сізге 2025 жылғы "23" қыркүйекке дейінгі мерзімде 786 400 (жеті жүз сексен алты мың төрт жүз) теңге мөлшерінде қол қою бонусын төлеу қажет

Сонымен қатар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 219-бабының 1-тармағына сәйкес, өндіру жұмыстары басталғанға дейін басқармаға өндіру жөніндегі жұмыстардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажет

Салық кодексінің 563 564-1-баптарына сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу қажет екенін қосымша хабарлаймыз

Қосымша: "Құлақөл" кен орнында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 2025 жылғы "10" қыркүйекте берілген №45/2025 Лицензия - 2 тілде 1 дана

уведомление
Дата публикации
16 сентября 2025