Пресс релиз
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасын (бұдан әрі – Жоба) дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес әзірленді
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес Павлодар облысының аумағында ортақ су пайдалану қағидаларын айқындау болып табылады.
Жоба 2025 жылғы 31 шілдеде Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2025 жылғы 31 шілдеде «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.