Пресс-релиз
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының (бұдан әрі – Жоба) жобасын дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығымен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларының 5-тармағының 2-тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Осы қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орындарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.
Жоба басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2025 жылғы 28 шілдеде "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.
Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.