«Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысына пресс-релиз

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын (бұдан әрі-жоба) дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының                           3) тармақшасына және 85-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

Осы қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облысының аумағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

Жоба 2025 жылғы 27 маусымнан 14 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

«Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысына пресс-релиз
Дата публикации
27 июня 2025