Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 135/2 «Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының (бұдан әрі – Жоба) жобасын дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген).
Осы қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Павлодар облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған қосымша жерлерді қосу және жұмыс істемейтін орындарды алып тастау болып табылады.
Жоба басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2025 жылғы 21 мамыр мен 4 маусым аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.