Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» № 140/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) дайындалды.
Жоба «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 402-VI ҚРЗ Заңымен ҚР Салық кодексінің 576-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес әзірленді (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі)» экология мәселелері бойынша» қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп тану болып табылады:
- «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31;
- «Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31 «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 146/12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Жоба Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2025 жылғы 14 сәуірден 29 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15512849).
Павлодар облысының Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар алу үшін жіберілді.
Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.