«Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы «Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» № 140/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешіміне пресс релиз

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы «Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» № 140/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 37-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының 15.11.2024 ж. № 2-13-24-00307 ұсынысын орындау мақсатында әзірленді.

         Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты сандық көрсеткіштер бөлігінде (атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының жиынтық көлемі, ағынды сулармен ластаушы заттар шығарындыларының жиынтық көлемі) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу болып табылады.

Жоба Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары  басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

Жоба 2025 жылғы 13 ақпаннан 28 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды  (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15443446).

Павлодар облысының Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар алу үшін жіберілді.

Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.

 

«Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы «Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» № 140/15 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешіміне пресс релиз
Дата публикации
13 февраля 2025