Пресс релиз
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 70/9 «Павлодар облысының ортақ су пайдалану Қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешімінің жобасын (бұдан әрі – Жоба) дайындады.
Жоба Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына , 65-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11434 болып тіркелген) әзірленді.
Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облысының ортақ су пайдалану қағидаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, шомылу жүзеге асырылмайтын Павлодар облысының аумағында орналасқан су объектілеріндегі орындардың тізбесін бекіту болып табылады.
Жоба Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2025 жылғы 04 ақпанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15426217).