"Кемертуз - 18" ЖШС кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге Лицензия

                                                   

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған

ЛИЦЕНЗИЯ

 2024 жылғы «26» қараша күні № 39/2024

  1. Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Торайғыров көш., 64 үй, 302 кеңсе мекенжайында орналасқан «Кемертұз-18» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне БСН 050640003768 (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдалану құқығын береді.

Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:

- Ткаченко Виктор Михайлович – 100% (жүз пайыз).

  1. Лицензия шарты:

1) лицензия мерзімі: берілген күннен бастап 10 (он) жылға;   

2) жер қойнауы учаскесі аумақтарының көлемі 0,774  шаршы км, географиялық координаттары:

№ угловых точек

Северная широта

Восточная долгота

1

51° 12' 25,10"

77° 16' 46,55"

2

51° 12' 25,10"

77° 16' 26,49"

3

51° 12' 32,18"

77° 16' 36,47"

4

51° 12' 37,64"

77° 16' 39,04"

5

51° 12' 40,56"

77° 16' 35,44"

6

51° 12' 49,68"

77° 16' 34,62"

7

51° 12' 56,02"

77° 16' 30,91"

8

51° 13' 3,39"

77° 16' 36,26"

9

51° 13' 7,47"

77° 16' 19,14"

10

51° 13' 14,84"

77° 16' 21,04"

11

51° 13' 31,01"

77° 16' 15,69"

12

51° 13' 32,11"

77° 16' 31,22"

13

51° 13' 25,00"

77° 16' 43,26"

14

51° 12' 48,00"

77° 16' 55,19"

15

51° 12' 37,98"

77° 16' 45,73"

3) Кодекстің 31-бабында көзделген жер қойнауын пайдаланудың шарттары:

Жер қойнауы учаскесінің (кен орынның) атауы, орналасқан жері: «Кемертұз» отқа төзімді саз кен орны Павлодар облысының Май ауданында орналасқан.

Пайдалы қазбаның атауы: отқа төзімді саз.

Жер қойнауы учаскесі аумақтарының схемалық орналасуы осы лицензияға қосымшада келтірілген.

  1. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:

1) 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін қол қою бонусын 738 400 (жеті жүз отыз сегіз мың төрт жүз) теңге мөлшерінде төлеу;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 563-бабына сәйкес мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдалану үшін лицензияның мерзімі ішінде (жалдау төлемдерін) ақы төлеу;

3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстарды жүзеге асыру: 10 628 (он мың алты жүз жиырма сегіз) АЕК;

  1. Лицензияны қайтарып алу негіздері:

1) ұлттық кәуіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, Кодекстің 44-бабы 1-тармағының талаптарын бұзу;

2) осы лицензияның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген лицензия шарттарын бұзу;

3) Кодекстің 278-бабына сәйкес лицензияны қайтарып алудың негіздері:

  1. Лицензияны берген мемлекеттік орган: «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

 

 

__________________ қолы

 

Мөр орны

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ басшысы

С.С. Төлеутаев

Беру орны: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы Павлодар қаласы

Лицензия на добычу общераспространенных полезных ископаемых для ТОО "Кемертуз-18"
Дата публикации
28 ноября 2024