Пресс-релиз "«Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» № 197/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасы»

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» № 197/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын (бұдан әрі-жоба) дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11838 болып тіркелген).

Осы қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облысының Бірсуат өзенінің, Қалатұз, Қожа, Тұз және Бұра көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

Жоба 2024 жылғы 05 қарашадан 19 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15275014).

Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

 

Пресс-релиз "«Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» № 197/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасы»
Дата публикации
05 ноября 2024