Павлодар облысы әкімдігінің "мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу және орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу туралы" қаулысының пресс-релиз

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Павлодар облысы әкімдігінің "мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу және орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу туралы" қаулысының (бұдан әрі – Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, 63-бабына сәйкес әзірленді.

Бұл жобаны қабылдаудың мақсаты жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу болып табылады.

Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында "Сарыарқа Самалы" және "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды және Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының интернет-ресурсында орналастырылды.

Жоба 2024 жылғы 23 сәуір мен 10 мамыр аралығында "Ашық НҚА" порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15027568).

Ұсынымдар алу үшін Павлодар облысының Қоғамдық кеңесіне жолданды.

Бұл шешімді іске асыру қаржылық қаражатты қажет етпейді.

Павлодар облысы әкімдігінің "мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу және орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде орман пайдалану құқығын шектеу туралы" қаулысының пресс-релиз
Дата публикации
04 мая 2024