Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) дайындалды.
Жоба Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 37-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы шешімі жобасын қабылдаудың мақсаты облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін белгілі бір уақыт аралығында қол жеткізілуі қажет қоршаған ортаның жекелеген құрамдастары жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларын және өзге де көрсеткіштерді белгілеу болып табылады.
Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында 2024 жылғы 22 ақпандағы «Сарыарқа Самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2024 жылғы 6 наурыздан 26 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14971987).
Павлодар облысының Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар алу үшін жіберілді.
Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.